ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2021 | 12:50
Алматы облысында Toyota жедел жәрдем көлігіне соқтығысты
Алматы облысында Toyota көлгінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында Toyota көлгінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соғылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға болған жерде түсірілген видео кадрлары әлеуметтік желілерде пайда болды.
"Toyota Corolla жедел жәрдем көлігін соққан. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ", - делінген жазба сипаттамасында.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 5 сәуірде сағат 22.30 шамасында Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.
"Мәлімет бойынша, Тойота Corolla маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай JAC SUNRAY автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан JAC SUNRAY маркалы автокөлігінің 21 жастағы жолаушысы жақын маңдағы Қаскелен ауруханасына жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.
ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Іс материалдары жақын арада процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп қорытындылады ПД баспасөз қызметі өкілідері.
Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі қарсы жолға шығып, көлікке соғылғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также