ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 12:46
Алматы облысында тұрғындар көлік тоқтаусыз жүретін тасжолды жауып тастады
Алматы облысында тұрғындар түнгі уақытта электр қуатының өшірілуіне байланысты көлік көп жүретін тасжолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында тұрғындар түнгі уақытта электр қуатының өшірілуіне байланысты көлік көп жүретін тасжолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында Талғар мен Есікті байланыстыратын тасжол бойында болған. Он шақты адам Калинин маңындағы тасжолды жауып тастаған. Олар көліктерді өткізбей, талап қойды. Оқиғаны жүргізушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Жазба авторы жолды жауып тастағаннан кейін саяжай тұрғындарына электр жарығы берілгенін айтты.
"Әрине, жолды жабу сияқты келеңсіздіктен кейін мәселе шешілді. Осылайша, халық электр қуатын төлемей-ақ қостырғанын ашық айтты. Бірақ жүргізушілердің қандай кінәсі бар? Құзырлы орғандар қайда? Тәртіпсіздік ұйымдастырғандар өзін кінәлі сезінбей ме? Ұлттық қауіпсіздік агенттіктері қайда? Наразылыққа шыққан әжейлерді ғана қудалай аласыздар ма?", - деп жазды видео автор.
Еңбекшіқазақ облысының әкімдігі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 2021 жылдың 1 қарашасы күні кешкі сағат 18.20 шамасында болған.
"Есік - Саймасай тасжолы бойына Рахат ауылдық округіне қарасты Калинин атындағы бағбан қоғамының 20-25 жергілікті тұрғыны жиналған. Олар саяжай массивінің қарызы үшін электр қуатын өшіру мәселесі бойынша жиналды. Тұрғындар жиналған тасжолда көлік кептелісі пайда болды", - деді облыс әкімдігі.
Ауылдық округ әкімі Қуат Ақчабаевтың тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ол жиналғандарға сөз сөйледі.
"Сонымен қатар әкіммен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Аңсатбаев пен "Алатау жарық компаниясының" өкілі болды. Электр жарығы қосылды, содан кейін тұрғындар тарап кетті. Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері болған жоқ", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также