Алматы облысында үш көлік соқтығысып қалды. Жолаушы қаза тапты

Видеодан алынған кадр

Алматы облысында тасжолда үш көлік соқтығысып қалды. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында тасжолда үш көлік соқтығысып қалды. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда жерде жатқан адамдарды көруге болады.

Ескерту! Видеоны 18 жасқа толмаған және жүкті әйелдерге көрмеуге кеңес береміз!

Реклама
Реклама

Алматы облысының полициясы жол апаты 2 қарашада Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолында Қошмамбет ауылының маңында болғанын айтты.

"49 жастағы Opel Sintra жүргізушісі басқа көліктерді басып озып, қарсы жолаққа шығып, Mazda 626 және Nissan Primera автокөліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 30 жастағы Mazda жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mazda жүргізушісі және басқа екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Қаскелен ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі ("көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама