21 қазан 2021 | 15:34

Алматы облысында үстіне тас құлаған жігіт оқиға туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Талдықорған тұрғыны Роман Бачевский үстіне тас құлап кеткен видео кейіпкері. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тасты құлату идеясы қалай пайда болғанын, қалай аман қалғанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорған тұрғыны Роман Бачевский үстіне тас құлап кеткен видео кейіпкері. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тасты құлату идеясы қалай пайда болғанын, қалай аман қалғанын айтты.

Роман Бачевский оқиға 2018 жылғы 6 шілдеде болғанын айтты. Ол кезде жігіт 17 жаста болған.

"Досым Зариф Гарифуллин екеуміз үлкен тасты тіреп тұрған кішкене тасты құлатпақ болдық. Тасты арт жағынан, қауіпсіз жағынан итермек болдық. Бірақ күшіміз жетпеді. Мен артына келіп кішкене тасты алдым, сол кезде көзіме топырақ түсіп кетті. Кейін тағы біреуін құлаттым. Сосын тас құлап кетті.

Тастың қозғалғаны естілді, жүгіріп шығу керек едік. Мен жүгіріп шықпақ болдым, бірақ тайып құладым. Сол кезде тас құлады. Бірақ ол жер су болғандықтан аса қатты күш түспеді. Тек арқам сырылып, тісімді сындырып алдым", - деді Роман Бачевский.

Реклама
Реклама

Қазір Роман Ресейдің Новосибирск қаласындағы университеттердің бірінде соңғы курста оқиды. Роман Бачевский туризммен кәсіби түрде айналысатынын айтты. Ол бұл жағдайды ғажайып санамайды. Оның айтуынша, сол күні қаза болуы да мүмкін еді.

"Менің ойымша, бұл кездейсоқтық, сәттілік те, Құдайдың қалауы да емес. Егер мен тайып кетпесем, тас жаншып қалар еді. Мен қауіпті екенін түсіндім, бірақ оның салдары туралы ойламадым. Досыммен қызық видео түсіреміз деп ойладық" - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная