ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2023 | 09:02
Алматы облысында зорланған балаларға қатысты тағы бір сұмдықтың беті ашылды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында Алматы облысында зорланған балаларға қатысты оқиғаның сұмдық мән-жайын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында Алматы облысында зорланған балаларға қатысты оқиғаның сұмдық мән-жайын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Динара Зәкиева Алматы облысына ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ сол отбасының басқа балалары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барып келгенін жазды. Ол бұл отбасының балаларының бастан кешкені – тозақ дейді.
"Бұл сол отбасындағы 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған масқара қылмыс үшін жазасыздықтың, маскүнемдіктің және деградацияның нәтижесі. Кеше полиция департаментімен, ауданның КТІИ, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік.
Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерімен) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойынша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап "Азаптау" болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді", - деп жазды Зәкиева.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, біріншіден, іс дұрыс емес баппен қозғалған (110-баптың орнына 140-бап) және де баланың анасы өгей әкесімен бірге күйдіргенін мойындағанына қарамастан (бұл іс материалдарында бар), іс тек анасына қатысты қозғалған.
"Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұл ғана салды. Нәтижесінде бала үйден оқытуға ауыстырылды және бұл сұмдық жағдайда ол тағы екі жыл өмір сүрді. Қазір анықталғандай, қызды зорлаудың белгілерін жасыру үшін күйдірген екен.
Екі жыл бұрын кінәлі "Азаптау" бабы бойынша жазаланып, отырғызылса, үш баланы құтқарып қалуға болушы еді. Балалардың басынан не өткенін ойласаң, жантүршігеді", - деп жазды Зәкиева.
Динара Зәкиева осыған байланысты тексеріс жүргізуді және осы заңбұзушылықтарға жауапты тұлғалардың бәрін жауапқа тарту қажет деп санайтынын жазды.Ол бұған қажетті шаралардың бәрін мемлекеттік органдармен бірге қабылдайтындарын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.
3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.
Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыс жасады деген 40 жастағы ер адам ұсталды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также