09 қазан 2021 | 12:21

Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатында көлік екіге бөлініп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жол апаты кезінде көлік екі бөлікке бөлініп кеткен. 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жол апаты кезінде көлік екі бөлікке бөлініп кеткен. 20 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан видеоны желі қолдаушысы таратты. Көліктің “қалдықтары” бейнеленген кадрларды видео авторы өте қорқынышты деп сипаттайды.

"Бұл көліктің тек бір бөлігі. Міне, оның алдыңғы жағы", - дейді видеоның авторы.

Реклама
Реклама

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 8 қазанда сағат 17.30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында болған. Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Audi S4 және Toyota Camry-мен соқтығысқан.

"Нәтижесінде, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. ЖКО дерегі бойынша Қазақстан ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", –  деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная