27 желтоқсан 2021 17:33

Алматы облысындағы ірі жол апаты: тасжол жағдайына кінәлілер үстінен қылмыстық іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында аймақтағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жолдар жағдайына жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында аймақтағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жолдар жағдайына жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция осыған дейін Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тартпақ. Апат себептерінің бірі – ауа райы қолайсыздығы мен көктайғақ. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар.

"Жолдарды пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 353-бабы "Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іспен Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы айналысады.

Факт бойынша сараптамалар тағайындалды. Уәкілетті органдарға тиісті сауалдар жолданды. Сондай-ақ, істі дұрыс шешу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 25 желтоқсанда таңертең сағат 10:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы тасжолда 17 көлік соқтығысқан болатын. Оқиға Алматы-Қорғас тасжолының 134-шақырымында болған. Жол апатынан зардап шеккен бес адам Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға медициналық тексеруден өту үшін жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram