13 желтоқсан 2021 | 17:13

Алматы - Орал бағытындағы пойызда жолаушы әйел босанып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фотоколлаж Tengrinews.kz

Оралдық дәрігер Лунара Ерғалиева Алматы-Орал бағытындағы пойызда жолаушы әйелді босандырды. Қалалық көпсалалы аурухананың акушері қажет құралдар мен дәрі-дәрмектерсіз көмектесуге тура келгенін атап өтті. Лунара Ерғалиева 7 желтоқсанда Алматыдан Оралға 052Х пойызбен келгенін айтты. Акушер жолсеріктің айтуымен, босанған әйелге көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оралдық дәрігер Лунара Ерғалиева Алматы-Орал бағытындағы пойызда жолаушы әйелді босандырды. Қалалық көпсалалы аурухананың акушері қажет құралдар мен дәрі-дәрмектерсіз көмектесуге тура келгенін атап өтті. Лунара Ерғалиева 7 желтоқсанда Алматыдан Оралға 052Х пойызбен келгенін айтты. Акушер жолсеріктің айтуымен, босанған әйелге көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әйел жүктіліктің 38-аптасында болған. Одан су кетіп жатты. Ауырсыну кешкі сағат 19-да басталған. 23:47-де салмағы 3,5 келі және бойы 53 сантиметр бала дүниеге келді. Спирттің орнына арақ қолданған. Тіпті фурацилин де табылған. Әсіресе, жолаушылардың бірінің стерильді медициналық қолғаптары болғанына қатты қуандым. Олар пайдасы көп болды. Босанғаннан кейін бірден салатын окситоцин болған жоқ. Оның орнына баланы кеудеге қойдық. Ақтөбе маңындағы станцияда әйелді дәрігерлерге тапсырдық", - деді Лунара Ерғалиева.

Реклама
Реклама

25 жастағы Ақсай тұрғынының бұл - үшінші баласы. Оның айтуынша, босану мерзімінен бұрын болған.

"Маған 18 желтоқсанда деді, бірақ бұдан бұрын басталды. Бала мықты және дені сау болып туды. Оны Әлинұр деп атадық. Күйеуім қатты уайымдады, бірақ бәрі жақсы аяқталды. Екі қыздан кейін ұл тудым", - деді Ақсай қаласының тұрғыны Гүлназ.

"Босанған әйелге Құдайдың өзі осындай білікті акушер жіберді. Оның жұмыс тәжірибесі мол және қиын жағдайда көмектесе алды", - деді Орал қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Мырзахметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная