27 қазан 2018 | 09:29

Алматы орталығында екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Камила Долаева Журналист
© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Төле би көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Төле би көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, өрт шамамен 250 шаршы метрге жайылған. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Салтанат Баймұхамбетованың айтуынша, Төле би, 42 мекен жайында екі қабатты ғимараттың жануы туралы хабарлама 22.44-те келген. 

"Бірінші өрт сөндіру бригадасы 4 минуттан кейін жетті. Олар келгенде ғимараттың шатыры жанып жатқан, сонымен қатар екінші қабатқа өрт таралу қаупі пайда болды. Жедел штаб құрылды. Өрт 00.12-де ауыздықталды. Оған 30 өртсөндіруші мен 12 техника жұмылдырылды", - деді ол.

Фото программы "Территория происшествий"


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті