25 қазан 2018 09:17

Алматы орталығында төтенше жағдай: "Динара" кафесі мен көліктер өртеніп кетті

© instagram/kris_p_almaty

Бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Өрт жайлы хабар "101" пультіне сағат 04.16-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң сағат 04.23-те келген.

Реклама
Реклама

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде кафе өртке оранып жатты. Бір қабатты кафе мен Toyota RAV4 пен Nissan Primera көліктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Бұдан бөлек төрт көлік бүлінген: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy. Tesla көліктеріне арналған жанармай станциясы мен "Алматы Байк" компаниясының он велосипеді бүлінген. Өрт бес қабатты әкімшілік ғимараттың ауласына да жеткен", - делінген хабарламада.

"Өрт сағат 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де сөндірілді. Өрттің аумағы - 280 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty Official ???????????????? (@kris_p_almaty) 24 Окт 2018 в 5:41 PDT

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty Official ???????????????? (@kris_p_almaty) 24 Окт 2018 в 5:42 PDT

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty Official ???????????????? (@kris_p_almaty) 24 Окт 2018 в 7:12 PDT

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram