Алматы орталығындағы кафенің жазғы алаңы сүрілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Lova Kitchen дәмханасының заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Lova Kitchen дәмханасының заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар Төле би даңғылындағы Lova Kitchen дәмханасына қатысты өтініш білдірген соң, Алматы МСҚБ бұл ғимаратты тексеріп, олардың жазғы террасасы заңсыз орналасқанын анықтады. Сонымен қатар, құрылыс жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігін алып жатыр.

Мекеме иелерін әкімшілік кодекстің 316, 321 және 323-баптары бойынша жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, "Қамқор-Центр" ЖШС мердігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 319-бабы "Жерге құқықсыз заңсыз құрылыс" бойынша шаралар қабылданды. Сот компаниядан айыппұл өндіріп алып, оны нысанды бұзуға міндеттеді. Меншік иесі бұл шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ қалалық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

Реклама
Реклама

Заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу бүгін басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама