ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 желтоқсан 2025 09:37
Алматы-Өскемен тасжолындағы жол апаты: төрт адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түскен
"Алматы–Өскемен" тасжолының 462-шақырымында екі автокөлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы–Өскемен" тасжолының 462-шақырымында екі автокөлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 10 желтоқсанда шамамен 14:15-те болған. Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының күрт нашарлауы - боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі жағдайында келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу