29 шілде 2021 | 14:56

Алматы полициясы соққыға жығылдым деген әйелдің шағымына жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Алматы полициясы соққыға жығылдым деген әйелдің шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы соққыға жығылдым деген әйелдің шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін kris.p.almaty.official тобында Наурызбай ауданы тұрғынының үндеуі жарияланған болатын. Оның айтуынша, учаскелік полиция қызметкері оны полиция бөлімшесіне күштеп апарып, аяғын сындырған. Сонымен қатар, әйел бөлімшеге барғаннан кейін оған полиция ғимаратында зорлық-зомбылық көрсетілгенін айтты.

Реклама
Реклама

Алматы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, 1992 жылы туған тұрғынның үстінен бірнеше ай бойы зейнеткер туыстарынан шағым түскен. Полицейлердің айтуынша, ол әжесін, атасын және өгей інісін сабап, қорқытып-үркіткен.

"28 мамырда Наурызбай ауданы ПБ-ға 1943 жылы туған азаматшадан арыз түсті. Әже немересі жанжал кезінде оларды көшеге шығарып, тұрмыстық заттарды сындырып, үйде жанжал шығарғанын және өгей бауырын түрмеге қамататынын айтып қорқытқанын жеткізді", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.

2 маусымда әйелге қатысты қорғау туралы бұйрық берілді, ол қол қоюдан бас тартты, сонымен қатар әкімшілік сотқа келмеді. Полиция оны әкімшілік материалды қарау үшін мәжбүрлеп алып кетті.

28 шілдеде сот ескерту түрінде әкімшілік шара қабылдады. Полиция қызметкерлері бұл мекенжайға жақын туыстарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу үшін күн сайын барады, деп хабарлады полиция.

Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер әйелге қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлама расталмағанын айтты. Әйелге қатысты барлық әрекет қызметкерлердің бейнетіркегішіне жазылған, дейді полиция өкілі.

Бұған дейін Наурызбай ауданында полицейлер немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді қорғауға алғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная