Алматы полициясы түнде болған төбелестің мән-жайын айтты

Алматы полициясы түнде болған төбелестің мән-жайын айтты

Алматы полициясы түнде болған төбелестің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы түнде болған төбелестің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелес туралы ақпарат Алматы қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына 20 желтоқсанда түнгі сағат 01:14-те түскен. Момышұлы көшесіндегі дәмхананың бірінің қасында ер адамдар төбелескен.

"Аталған құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ізін суытпай Әуезов ауданының полиция басқармасына жеткізілген 1998 жылы туған екі азамат ұсталды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші азамат үйіне жіберілді. Ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Реклама
Реклама

Ал мұның алдында оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланған.

Видеоның сипаттамасында төбелестің Момышұлы мен Қабдолов көшелерінің қиылысында шамамен сағат 1.30-2.30 кезінде болғаны айтылады. Видео кадрларынан ер адамдардың дубинкамен жүргенін көруге болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама