08 тамыз 2023 08:58

Алматы-Ташкент тасжолында автобус жүк көлігіне соғылды: екі адам қаза тапты

Фото: ІІМ

Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720-шақырымында жол апаты болды.

Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысқан.

Реклама
Реклама

Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған автобус апатқа дейін Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram