17 қаңтар 2024 | 09:40

Алматы тауларында 50-ден аса нысан заңсыз салынған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы былтыр мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыс салудың 54 дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы былтыр мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыс салудың 54 дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"44 нысан бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енген, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 заңбұзушылық анықталған.

"Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.

Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная