Алматы тауларында бір адам қар астында қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 22 ақпанда таңертең Алматы тауларында, Медеу ауданындағы Титов асуында болған. ТЖМ мәліметінше, 3400 метр биіктікте төрт туристің екеуі қар астында калып қойған. Олардың біреуі өздігінен шыққан.
Оқиға орнына Алматы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілген. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған.
"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді", - делінген хабарламада.