ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2021 | 09:15
Алматы тауларында ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды
Медеу ауданындағы тауларда 61 жастағы турист инфаркт алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Медеу ауданындағы тауларда 61 жастағы турист инфаркт алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, ер адамға көмек қажет деген шақыру кезекші пультіне сағат 11.15-те түскен.
"Құтқарушылар науқасты жедел медициналық көмекке дереу жеткізу үшін шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, 1960 жылғы туристің жүрек талмасы болған. Теңіз деңгейінен 1740 метр биікке жаяу көтерілу қиын болғанына қарамастан, сағат 12.30-да құтқарушылар оқиға орнында болды. Өкінішке қарай, топ келген кезде ер адамның тыныс алу белгілері байқалмаған. 15.52-де құтқарушылар мәйітті түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Басқа да жағдайлар анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, сол күні олар Алмарасан шатқалында адасқан туристерді құтқарған.
"Сағат 18.35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы төрт қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар жіберілді, "Волчья тропа" геолокациясы анықталды. Жол бойында жоғалған қыздармен байланыс сақталды. Сағат 19.50-де құтқарушылар оларды тапты. Туристерге медициналық көмек қажет емес еді. Құтқарушылар оларға бекетке түсуге көмектесті", - деді құтқару қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также