08 шілде 2021 12:43

Алматы тауларында жоғалған қыз ауыр жағдайда табылды

5 шілдеде Үлкен Алматы көлі ауданында жоғалып кеткен Әлия Камиева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 шілдеде Үлкен Алматы көлі ауданында жоғалып кеткен Әлия Камиева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жоғалған адам 8 шілдеде сағат 10.56-да табылған.

Қыздың денсаулық жағдайы ауыр деп бағаланды. Зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет болған.

Реклама
Реклама

Департамент ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын қыз табылған жерге жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

Айта кетейік, Әлия 5 шілдеде таңертең БАО ауданына шыққан және өзімен телефоны болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылған: Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, екі кинологиялық есеп, "109" құтқару қызметі, 75 ерікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram