14 желтоқсан 2020 | 11:11

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адам осымен үшінші тәулік іздестіріліп жатыр

©Instagram.com

Алматыда ер адам осымен үшінші тәулік іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам осымен үшінші тәулік іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 12 желтоқсанда құтқарушыларға тауда ер адамның жоғалып кеткені туралы мәлімет түскен. Ақпаратқа сәйкес, Титов өзені аумағында алматылық жоғалып кеткен.

Реклама
Реклама

Кейін оның таңертең тауға көтеріліп, кешке артқа қайтқаны белгілі болды. Қараңғыда алматылық жолды таба алмаған. Сонымен қатар, күн суық болып, ол өзі жүре алмапты.

Құтқарушылар ер адамды іздеуге шыққан. Олардың арасында кинологтар да бар.

"Ауа райының қолайсыз болуына қарамастан іздестіру жұмыс түні бойы жүргізілді. 12-14 желтоқсан аралығында бұл жұмысқа 39 құтқарушы, оның ішінде 5 кинологиялық жасақ пен 6 автотехника жұмылды.

Қазіргі таңда республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары Құмбелсу өзенінің бойындағы ауданды зерттеп жатыр. Мұнда жоғалған ер адам соңғы рет болған. Ауа-райының қолайсыздығы іздестіру жұмысын қиындатып отыр. Оған қарамастан жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерде де іздестіру жұмысы жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram