Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам құтқарылды Көрнекі сурет: elements.envato.com

Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкінінде қалғандардың бірін тауып, алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкінінде қалғандардың бірін тауып, алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, құтқарушылар қар көшкіні салдарынан зардап шеккендердің бірін алып шыққан. Оның иығы зақымданған. Қар көшкіні астында қалған екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама