15 желтоқсан 2020 08:15

Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды

Алматы тауларында табылған Ерман Байменов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында табылған Ерман Байменов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше Ерман Байменов құтқарушылар таудан түсіргенше қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Зардап шеккен азаматты тапқаннан жедел медициналық жәрдемге жеткізгенше бес сағатқа жуық уақыт кетті. Ол табылғанда жағдайы өте ауыр болған. Республикалық шұғыл-құтқару отрядының құтқарушылары сағат 20:45-те зардап шеккен 1985 жылғы азаматты жедел медициналық жәрдемге және ЦМК-ға жеткізді. Олар Құмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған. Екінші іздеу-құтқару тобында болған ЦМК дәрігері ер адамның көз жұмғанын анықтады", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске салайық, кеше Алматы тауларында жоғалған Ерман Байменов табылған еді. 

Оған дейін ер адамның үш тәулік бойы іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Дереккөз мәліметінше, 12 желтоқсанда құтқарушыларға тауда ер адамның жоғалып кеткені туралы мәлімет түскен. Ақпаратқа сәйкес, алматылық Титов өзені аумағында жоғалып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram