ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2020 | 12:21
Алматы тауларында үш қыз адасып кеткен
Алматылық үш әйел Көк жайлауға жақын маңда Құмбел шыңында адасып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық үш әйел Көк жайлауға жақын маңда Құмбел шыңында адасып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қыздар тауға 19 тамызда шыққан. Көк Жайлау арқылы шыңға көтерілгенде Горельник шатқалына апаратын жолды көрсететін тақтайшаны көрген. Содан олар осы жолмен жүруді шешкен, бірақ ол шөпке толған болып шыққан.
Сондықтан қыздар бұрынғы жолмен қайтатын болып, екі сағаттан кейін олар қажет жолды таппай, құтқарушылардың көмек сұраған. Іздестіру жұмыстарына кинологиялық есепті қоса алғанда, жеке құрамның алты адамы жұмылды.
Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, қыздар қараңғы болып қалған кезде табылған. Олар жартасқа шығып, қараңғыда өздігінен түсе алмаған екен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также