Алматы түбіндегі картон зауытында ірі өрт сөндіріліп жатыр - видео

Алматы түбіндегі картон зауытында ірі өрт сөндіріліп жатыр - видео Видеодан кадрлар

Алматы облысында ірі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысында ірі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакцияға куәгерлер ірі өрттен шыққан қою түтіннің видеосын жолдады. Олардың айтуынша, өрт Алматының Наурызбай ауданында, "Премьера" тұрғын үй кешенінің артында шығып жатыр.

ТЖМ қазіргі уақытта өртсөндірушілер картон зауытының аумағындағы өртті сөндіріп жатқанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Нақтыланған ақпарат бойынша, нысан Алматы облысы Қарасай ауданының Абай ауылында орналасқан.

"Картон зауытының аумағындағы қойма ангары өртеніп жатыр. Әкімшіліктің берген алдын ала ақпараты бойынша, іште адамдар жоқ. Өрт орнында судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама