ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2023 | 10:01
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғыны арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз асыраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары мәліметінше, 4 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның бес айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылы туған азамат А.-ны әшкерелеген.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі ("Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз ұстау") бойынша қылмыстық құқықбұзушылық негізінде Қарасай ауданы бойынша тіркелді", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Полиция қызметкерлері экзотикалық жануарларды тәркілеген.
Дерек бойынша қылмыстық істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также