Алматы тұрғыны көлік пен Rolex сатқан адамдарды алдап кеткен

Фото:depositphotos.com

Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы кем дегенде бес алаяқтық дерегін ашты.

"Жергілікті тұрғын алаяқтық тізбегін ойлап тапқан. Ол хабарландыру жариялайтын сайттан көлік сату туралы ақпаратты тауып алып, сатушыға хабарласып, өзінің кепілде тұрған жоқ көлігін көлікке айырбастауды ұсынады. Келесі оқиғада, қаскөй Rolex сағатын сатып алмақ болады. Сатушыға хабарласып, оған жалған түбіртек көрсетіп, қымбат сағатты иемденіп алған. Қазіргі уақытта азаматтарға келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол қамауға алынған. Күдікті бұған дейін де бірнеше рет сотталған.

"Полиция осы күдікті адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар мына телефондар бойынша хабарласуға шақырды: 8-747-909-65-45; 8-775-766-77-00; 8-701-233-47-90".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама