12 тамыз 2024 | 14:35

Алматы тұрғыны түнде автотұрақтағы көліктерді қиратып кеткен

видео кадры

Алматы ықшамаудандарының бірінде бұзақы көліктерді зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ықшамаудандарының бірінде бұзақы көліктерді зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде көлік иесі түсірген видео пайда болды. Ер адам таңертең Орбита-2 ықшамауданындағы автотұрақтан бірнеше көліктің айнасы сынып жатқанын байқаған. Көп жағдайда жаңа көліктер бүлінген.

Оның айтуынша, 10 көліктің айнасы сынған.

Реклама
Реклама

Полиция күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, дерек бойынша құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні