11 қазан 2023 | 11:11

Алматы тұрғыны Түрген ауылының маңында 3 тонна каннабис өсірген

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматылық ауыл маңындағы өзіне тиесілі жер учаскесіне 3 тоннаға жуық каннабис өсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық ауыл маңындағы өзіне тиесілі жер учаскесіне 3 тоннаға жуық каннабис өсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Түрген ауылының маңында орналасқан өзіне тиесілі жер учаскесінде тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ер адамға қатысты ақпарат алды.

Реклама
Реклама

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының М. есімді 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жоғарыда аталған жер учаскесін тінту кезінде жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалып, соталды тергеу басталды. Ұсталған адам аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная