Алматы вокзалында пышақ ұстаған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы-1" теміржол станциясы аумағында ер адам суицид жасамақ болған. Бұл туралы жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азамат хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, күйзеліске ұшыраған азаматты анықтады. Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Кейін ол медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама