08 қараша 2019 09:11

Алматыда 15 жастағы оқушы жаттығу кезінде қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қазақ спорт және туризм академиясының оқушысы жаттығу кезінде есінен танып құлап, артынша жан тапсырған. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғады. Ал баскетбол жаттықтырушысы қызметінен шектетілді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Алматыда қазақ спорт және туризм академиясының оқушысы жаттығу кезінде есінен танып құлап, артынша жан тапсырған. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғады. Ал баскетбол жаттықтырушысы қызметінен шектетілді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Қайғылы оқиға 6 қарашада кешкі сағат 6-лар шамасында қаладағы қазақ спорт және туризм академиясында болған. 9-сынып оқушысы сыныптасымен сабақтан кейін әдеттегідей баскетбол жаттығуына келіпті. Ойыншылар жанында жаттықтырушылары да болған. Ойын кезінде 15 жастағы оқушы өзін нашар сезініп, жерге құлаған. Мекемеге жедел жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жеткіншекті тексеріп жүрегінің тоқтап қалғанын анықтаған.

"103 бөліміне 18:02 шамасында шақырту келіп түсті. Бригада сегіз минутта жеткеннен кейін барлық көмек көрсетіліп, реанимациялық жағдайлар көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейінгі биологиялық өлім анықталды. Негізгі өлім себебі белгісіз", - дейді Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Шайхиддин Бадиров.

Қаза болған оқушы қаладағы № 94 мектеп-гимназияның үздік оқушысы болған. Мектеп директоры оның бір үйдің жалғыз баласы екенін айтады. Спорт пен сабақты қатар алып жүрген алғыр еді дейді. Оқиға болған күні ол таңертең сабақта да күндегідей алаңсыз жүргені бейнебақылау камерларысына жазылып қалған.

"Сабаққа келді, толық отырды, барлық сабаққа қатысып үйіне кетті. Ален - бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқып жүрген бала, осы уақытқа дейін денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Бұл жағдайдың болғанына бәріміз аң-таңбыз. Күтпеген жағдай. Мінезі өте ашық, досы көп, мұғалімдердің, балалардың сүйіктісі", - дейді №94 мектеп-гимназияның директоры Айгүл Ботабекова. 

Ал қайғылы оқиға болған мекеме басшылығы қаза болған баланың қолында денсаулығында кінәрат жоқ деген қағазы болғанын айтады. Жаттығу алаңдарына мұндай медициналық анықтамасыз жіберілмейді дейді. Жаттықтырушы да осал емес, спорт саласында 10 жылдан астам тәжірбиесі бар маман екенін жеткізді. 

Қазір бұл жағдайға қатысты полиция тергеуді бастаған. Сондай-ақ, жасөспірімнің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама да тағайындалыпты. Ал баскетбол жаттықтырушысы тергеу істері аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети