25 қазан 2019 10:51

Алматыда 18 жастағы екі жігіт көңіл көтеру үшін бөтен көліктермен дрифт жасаған

Алматыда көңіл көтеру үшін бөтен автокөліктерді айдап кеткен 18 жастағы екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көңіл көтеру үшін бөтен автокөліктерді айдап кеткен 18 жастағы екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД хабарламасына қарағанда, екі жігіт жолдарда жарысып, дрифт ұйымдастырып, бөтен көліктерді әдейі бұзған. Екеуінің де жүргізуші куәлігі болмаған. 

Реклама
Реклама


Фото Алматы ҚП баспасөз қызметінен

"Күдіктілер көлікті кілт таңдап немесе бұрауыш арқылы ашқан. Олар ұрланған көлік үшін қаланың адам аз жүретін жерлерінде әбден жарысып, дрифт жасаған. Ойыны қанған соң көліктерді жол шетінде қалдырып кетіп отырған. Тек Алматы облысында осындай 12 қылмыстық эпизод бар.

Біздің қалада қазіргі таңда ұсталған азаматтардың бөтен көлік құралдарын заңсыз иемдену фактісіне қатысы бары дәлелденді. Енді олар ҚК-нің 200-бабына сәйкес "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram