ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2020 | 09:28
Алматыда 19 жастағы жігіт жоғалып кетті
Алматыда 19 жастағы жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 19 жастағы жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Туған інім Егізбаев Ілияс Болатұлы (туған жылы 25.12.2000) жоғалып кетті. Ешқашан да мұндай пост жазып, көмек сұраймын деп ойламаппын! Барлығы жаман түс сияқты", - деп жазды оның әпкесі Әсел Егізбаева Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, Ілиястың бойы - 185 сантиметр, арықтау келген. 19 мамырда сағат 14.45-те үйден шығып кеткен. Серуендеп қайтамын деп айтып кеткен, сол күйі оралмаған.
Қара джинс киген, капюшіні бар көк түсті жемпір, қара түсті кроссовка мен қара түсті рюкзакпен кеткен. Сондай-ақ, қара түсті маска таққаны айтылады.
Қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды:
+77771132266 Егізбаева Жақсыбике - анасы
+77051036210 Егізбаев Болат - әкесі
+77019112091 Егізбаева Әсел - әпкесі
+77088101402 Егізбаев Қайсар - ағасы
+77017419601 Амзеева Жанар - туысы
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также