ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 сәуір 2025 14:42
Алматыда адамдар отырған аттракцион төбеде тұрып қалған: видео
Алматыдағы саябақтардың бірінде адамдар отырған карусель төбеде тұрып қалған. Кадрлардан онда ондаған адам отырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы саябақтардың бірінде адамдар отырған карусель төбеде тұрып қалған. Кадрлардан онда ондаған адам отырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға 13 сәуірде болған. Top skan немесе "Түймедақ" деген атауға ие аттракцион кенет тоқтап қалған.
Саябақ әкімшілігі аттракционның тоқтау себебі қауіпсіздік жүйесі іске қосылуына байланысты болғанын мәлімдеді.
"Сағат 15:08-де Тop skan аттракционы тоқтады, сағат 15:16-да қонақтар эвакуацияланды. Ешкім зардап шекпеді, адамдар тарапынан шағым түскен жоқ. Жағдай толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды", - деді "Қиял әлемі" саябағының әкімшісі Виктор Данилов.
Ол қауіпсіздік жүйесі сол күні ауыстырылғанын айтты.
"Инженерлер барлық аттракционды саябақ ашылғанға дейін күн сайын тексереді. Сондай-ақ, қадағалау компаниясы ай сайын тексереді", - деді саябақ өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу