20 қараша 2021 16:17

Алматыда "Ақсай" сауда үйінен өрт шықты

Фото: Алматы ТЖД

Алматыда "Ақсай" сауда үйінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Ақсай" сауда үйінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 20 қарашада сағат 13.45-те өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырумен шығып, 6 минуттан жеткен. Олар келгенде "Ақсай" сауда үйінің бірінші және екінші қабатында 150 шаршы метр алаңда бутиктер өртеніп жатқан.

Үш әмбебап оқпан мен бір лафеттік оқпан орнатылады, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін жою автомобилі жұмылды. АД 120 түтін жойғыш автомобилі жанып жатқан заттардың концентрациясын төмендету және көрінуді жақсарту үшін қолданылды.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы ТЖ департаменті өкілдері өрт 14.05-те ауыздықталып, 14.12-де сөндірілгенін хабарлады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт басталғанда ғимаратта келушілер болмаған. Екі бутик қана жанған, жоғарғы бутиктер бос болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды