Алматыда Әл-Фараби даңғылында көлік аударылып, жүргізуші қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда Әл-Фараби даңғылында көлік аударылып, жүргізуші қаза болды Видео кадры

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда, көлік жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Видео танымал пабликтерде жарияланды.

Жарнама
Жарнама

Алматы полициясы мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған.

"Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі жолдағы көліктерге соқтығысып, салдарынан аударылып қалған. 1951 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде адам өліміне де қатысты", - деді Алматы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама