04 қазан 2024 | 11:24

Алматыда арнайы операция кезінде “технолог“ ұсталды

видео кадры

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі зертханасы Әуезов ауданының жеке секторында орналасқан. Криминалдық полиция және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді.

"Нәтижесінде қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырған 36 жастағы ер адам ұсталды. Атап айтқанда, жылыжай қызметін атқарған үйден 270 түп қарасора, 3 бөшке иісі бар сұйықтық, 3 қап тыңайтқыш, 17 қышқыл ерітіндісі, таразы, 23 жарықтандыру шамы және т.б. зертханалық құрал-жабдықтар табылды. "Технолог" қылмыстық әрекетін мойындады. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері соталды тергеу амалдарын бастады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылған. Сонымен қатар, есірткіні өндіруге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды, сондай-ақ сусынды тарату арнасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная