Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді

Видео кадрлары

Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВИдео krisp.almaty Instagram-паблигінде жарияланған. Оның кадрларынан бірнеше адамның түнгі уақытта сәби жылаған жаққа қарай бара жатқаны көрінеді. 

"Арық жақтан баланың жылаған даусын естідік, орамал алып, түнделетін іздеуге шықтық", - дейді қолданушы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін алматылық арықтан сәби тауып алғаны хабарланған. Шақалақ Алмалы ауданында Райымбек даңғылының бойында табылған. 

Денсаулық сақтау басқармасындағылар баланың салмағы үш келі, бойы 52 сантиметр екенін хабарлады

"Медициналық белгілеріне байланысты бала жедел медициналық көмек орталығына жеткізілді. Қабылдау кезінде гипотермия салдарынан жағдай ауыр болды (дене температурасы - 34,5), қазір жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы қалыпқа келді. Ол тамақты өз бетінше, ширақ ішеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама