04 маусым 2020 | 12:03

Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

© pixabay.com

Алматыда кафедегі отырыстан кейін келушілер арасында төбелес шыққан. Пышақ пен травматикалық қару қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кафедегі отырыстан кейін келушілер арасында төбелес шыққан. Пышақ пен травматикалық қару қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі адам жарақат алған, олардың бірі сол маңда өтіп бара жатқан адам болған.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға кеше Жұмалиев көшесінде орналасқан кафеде болған. Салдарынан 1983 жылғы ер адам аяғын жарақаттап алған.

Сондай-ақ, 1992 жылғы ер адамның да жарақат алғаны белгілі болды.

Полиция мәліметінше, күдіктілер ұсталды, олардан жауап алынып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады