04 қаңтар 2024 | 14:55

Алматыда аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная