ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2020 | 16:47
Алматыда автобөлшектер базарында өрт шықты
Алматыда автобөлшектер базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автобөлшектер базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, оқиға 31 қазанда сағат 14.30 шамасында "Жібек жолы" базарында болған. Өртсөндірушілер бірден шақырудың жоғары дәрежесімен жолға шықты. Олар жеткенде автобөлшектерді сататын сегіз контейнердің жоғарғы қабаттары жанып жатты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 31 Окт 2020 в 1:52 PDT
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 31 Окт 2020 в 2:19 PDT
"Металл контейнерлердің жану жүктемесі жоғары болғандықтан, қатты жылу сәулесі пайда болды. Бұл оның тез таралуына ықпал етті. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды және су ашық су қоймасынан алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт 30 минутта оқшауланды", - делінген хабарламада.
Тілсіз жау 15.28-де толығымен жойылды. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метр. Оқиға болған жерге жеке құрамнан 67 адам және 16 техника, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметтері жұмылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также