Алматыда №24 жолаушылар автобусы аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға барахолка базары маңында болған. Екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 24 қазанда сағат 12:35-те Жетісу ауданында болған.
"Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегі мен аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам - жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!