Алматыда автобус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда автобус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті видео кадры

Алматыда №24 жолаушылар автобусы аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға барахолка базары маңында болған. Екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда №24 жолаушылар автобусы аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға барахолка базары маңында болған. Екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 24 қазанда сағат 12:35-те Жетісу ауданында болған.

"Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегі мен аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам - жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады ведомство.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама