03 қазан 2019 16:22

Алматыда автобус жеңіл көлікті соқты

Алматыда жолаушылар автобусы алдында келе жатқан көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар автобусы алдында келе жатқан көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болды. № 4 бағытта жүретін автобус Toyota RAV 4 автокөлігіне соқтығысты. 

Реклама
Реклама

Жеңіл көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолда әйелді арбамен өткізіп жіберу үшін тоқтаған. Соған қарағанда қоғамдық көлік жүргізушісі дереу әрекет етіп үлгермей алдындағы көлікке соқтығысты. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобус жолаушылары көліктен аман есен түсті. Жол-көлік оқиғасы болған жерге полиция қызметкерлері шақырылды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram