13 қыркүйек 2023 | 09:15

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Видео кадрлары

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, әйел ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, әйел ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 9 қыркүйекте сағат 9:05-те болған. Жолаушылар көлігінің жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта Саин көшесі қиылысынан өтіп келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүріс бөлігін кесіп өткен екі адамды қағып кеткен. Апат сәті видеоға түсіп қалған.

Реклама
Реклама

Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы бір жаяу жүргінші, 1957 жылы туған әйел, қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

"Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды",-деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram