14 наурыз 2019 | 14:22

Алматыда автобус жүргізушісі қыз баланы қағып кетті

Видеодан алынған кадр

Алматы орталығында автобус жүргізушісі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы орталығында автобус жүргізушісі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Алматыэлектртранс" өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 14 наурызда шамамен сағат 12.30-да болған. №70 автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылысатын жерде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Реклама
Реклама

"Қыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ал жүргізуші тоқтап үлгермеген. Жедел жәрдем қызметі шақырылды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Алматыэлектртранс" өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

"Ми жарақатын алған, сондай-ақ, мойын омыртқасы мен иығын жарақаттап алған. Жағдайы - орташа ауыр", - деді ведомстводағылар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная