18 сәуір 2018 | 13:58

Алматыда автобус жүргізушісі қыз баланы қағып өлтірді: Жүргізуші оқиғаның мән-жайын айтып берді

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда №126 автобустың жүргізушісі 23 жастағы қызды қағып, мерт қылған жағдайға байланысты оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда №126 автобустың жүргізушісі 23 жастағы қызды қағып, мерт қылған жағдайға байланысты оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының өкілдері оқиғаның таңғы 8-де Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болғанын айтты. 

Реклама
Реклама

Жүргізуші қызды қаққан кезде бағдаршамның қызыл түсіне өткен мойындапты.

"Жүргізушінің айтуынша, ол Төле би көшесімен шығыс бағытта бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқанда, жолға қыз атып шыққан. Жүргізуші дереу тоқтай алмай, қызды қағып кеткен. Алған жарақатынан қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған қыз 1994 жылғы екені анықталды. Жол-көлік оқиғасынің мән-жайын жол полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Сонымен қатар, бізде техникалық тұстарын анықтап, тексеру жүргізіп жатырмыз", - деді "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев. 

Оның мәліметінше, автобус тізгінінде ОҚО тумасы 1977 жылғы Жәнібеков Әнуар Мұқанұлы болған. 2016 жылы 12 қазанда ол "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының № 3 коммуналдық автобус паркіне (КАП) жұмысқа тұрған. 2017 жылы 1 желтоқсанда № 1 КАП-қа ауысқан. Жалпы еңбек өтілі - жеті жыл. Үйленген, үш баласы бар. 

"Жүргізуші бізде істеп жатқанына екі жыл болды. Осы күнге дейін оның тарапынан ешқандай ереже бұзушылық болған емес. Біз оған жақсы жағынан баға береміз", - деді Бауыржан Құлышев. 

Автопарктегілер қайтыс боғлан қыздың отбасына көмектесуге уәде берді. 

"Біз жерлеу рәсіміне кеткен шығынның барлығын өз мойнымызға аламыз. Бұл біздің жүргізушінің кінәсі. Сондай-ақ қыздың отбасы сақтандыру компаниясынан ақша алады", - деді ол. 

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы бүгін Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, 126-бағыттағы автобус жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.  Бірақ жедел жәрдем келгенде әйел алған жарақаттарынан қаза болған.

Ескерту! 18+

©"Территория происшествий"


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram