Алматыда автобус жүргізушісі телефонға қараймын деп қызды қағып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда автобус жүргізушісі телефонға қараймын деп қызды қағып кеткен видео кадры

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 желтоқсанда сағат 10:54-те Алмалы ауданы Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен.

"Ол белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Жарнама
Жарнама

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жолаушы тасымалдайтын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы - мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуға тиіс", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама