ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2021 | 17:57
Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында автобус қағып кеткен 57 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында автобус қағып кеткен 57 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 27 ақпанда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында болған. Бұған дейін белгісіз себептермен автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, екі көлікті соғып, жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан адамдарды қағып кеткені хабарланған еді. Бес адам ауыр жарақат алды. Бір әйел қайтыс болды.
"Жол апаты салдарынан 1963 жылғы әйел көптеген жарақат алып, түнде жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды", - деп хабарлады Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі төрт адам, оның ішінде автобус жүргізушісі Алматы стационарына жатқызылғанын айтты. Олардың бәріне дененің көгеруі, ми жарақаты, сүйек сынуы диагнозы қойылды. Зардап шеккендердің бірі - көлік жүргізушісі. Ауруханаға жатқызылғандар жағдайы орташа, олар қарқынды ем алып жатыр.
Айта кетейік, 27 ақпанда Алматы полиция департаменті ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтқан болатын. Ведомство мәліметінше, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, Hyundai Elantra автокөлігіне соқтығысқан. Одан әрі автобус жүргізушісі инерция бойынша Сейфуллин даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолындағы адамдарды қағып кеткен. Кейін автобус сауда орталығының көлік тұрағынан шығып келе жатқан Volkswagen Polo маркалы автокөлігімен соқтығысып, сол жерде тоқтаған.
"Алматыэлектротранс" ЖШС баспасөз қызметі алдын ала болжам бойынша автобус жүргізушісінің денсаулық жағдайы нашарлап, нәтижесінде көлікті басқара алмай қалғанын мәлімдеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также