ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2021 | 15:21
Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатынан 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатынан 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың айтуынша, шамамен сағат 8.40-та Kia K5 автокөлігін басқарған 1998 жылғы жүргізуші Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан Розыбакиев қиылысына өтіп, номері 77 жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Лиаз маркалы автобустың рулінде 1960 жылы туған жүргізуші болған, ол Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан.
"Соққының әсерінен автобус арыққа қарай кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың 5 жолаушысы және екі көліктің жүргізушілері де жарақат алды. Жарақат алғандар Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр", - деді Алматы қаласы бойынша ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также