Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматыда автокөлік автобуспен соқтығысып, оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда автокөлік автобуспен соқтығысып, оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Түрксіб ауданы Әлмерек шағынауданындағы автокөлік пен автобус соқтығысқан сәттің видеосы жарияланды.

Реклама
Реклама

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, 14 ақпанда сағат 10:45 шамасында Nissan автокөлігінің жүргізушісі Әлмерек шағынауданының Закарпатская көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай шығыс бағытта Закарпатская көшесімен келе жатқан Yutong автобусымен соқтығысқан.

"Жол апаты кезінде Nissan жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Бұл деректі Түрксіб аудандық Пполиция басқармасының қызметкерлері тіркеді", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама